$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда қоғамдық орындарда түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды

AstanaTV
23.09.2023ж. 15:54
1716
Алматыда қоғамдық орындарда түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды

Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр.

5-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. 103 жағдайда түкірген азаматтарға айыппұл салынды.

Осы деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңге болды.

Жалпы жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңгеге 4 902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.