Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында құдағи болғанын жариялады. Айтуынша, журналист "Жар-жар" фильмінде осы образды сомдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туындыда тележүргізуші кино саласында алғаш рет бағын сынап жатыр.
"Марғұлан құда мен Лейло құдағидан сәлем. "Жар-жар" фильмі талғаммен, талпыныспен, еңбекпен жасалып жатқан жоба. Оның үстіне менде дебют. Менен әжептеәуір актриса шығады екен" деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.
Актер Қайрат Әділгерей де "Біз үшін бүгін маңызды күн. Қызымызды ұзатамыз" деп жазды. Кинотуынды желісі бойынша өнер иесі құда мен құдағи рөлдерін сомдайды.