Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Азия ойындары: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

AstanaTV
24.09.2023ж. 17:23
1280
Азия ойындары: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.

Алғашқы ойынында ел құрамасы Таиландты 44:20 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық гандболшылар 27 қыркүйекте Өзбекстан, 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2006 жылдары Азия ойындарында чемпион атанды.

Ал еліміздің ерлер құрамасы С тобындағы алғашқы кездесуінде Бахрейннен 22:45 есебімен жеңілді.

Енді олар 25 қыркүйекте Өзбекстанмен кездеседі.