Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Іле Алатауы тауында жоғалып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды

AstanaTV
25.09.2023ж. 08:36
986
Іле Алатауы тауында жоғалып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды

Тауда адасқан 16 жастағы екі жасөспірім құтқарушылардың көмегінің арқасында үйлеріне аман оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Күмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кетіп, жедел құтқару тобы іздеуге шықты.

Жасөспірімдер Күмбел шыңы аймағында таудағы үйдің бірін паналаған.

Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, таудан түсіруге кірісті.