Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Голливудта бес айдан бері өнер иелері көтеріліске шығуда

AstanaTV
25.09.2023ж. 13:26
965
Голливудта бес айдан бері өнер иелері көтеріліске шығуда

Голливудта сценаристердің ереуілі өтуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Голливуд жазушылары бес айға созылған митингті тоқтатуға дайын. Олар студиялармен алдын ала келісімге келді.

Үш жылдық келісім күшіне енгенге дейін Американың сценаристер гильдиясының (WGA) басшылығымен, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерімен мақұлдануы керек.

Егер келісімдерге қол жеткізілмесе, ереуіл 1988 жылғы рекордты жаңартып, соңғы онжылдықтардағы Голливудтағы ең ұзақ наразылық акциясына айналуы мүмкін.

Кәсіподақ басшылары 26 қыркүйекте жаңа үш жылдық келісімшарттың барлық шарттары бойынша дауыс береді деп күтілуде.

Кешкі телешоулар бірнеше күн ішінде қайта қосылады деп күтілуде, дегенмен Голливуд актерлері ереуілге шығуды жалғастыруда, сондықтан көптеген кино және теледидар жобалары тоқтатылды.