Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Жабысқан көйлек киме": Сәби күтіп жүрген Ерке Есмахан өзіне ақыл айтатындарға жауап берді

AstanaTV
25.09.2023ж. 16:00
4265
"Жабысқан көйлек киме": Сәби күтіп жүрген Ерке Есмахан өзіне ақыл айтатындарға жауап берді

Жақында сәбилі болатынын жария еткен Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде әншіге жүріп-тұруды үйретіп, өзін қалай ұстау керегін айтатындар көбейген.

“Жабысқан көйлек киіп, ішіңізді ұстай бермеңізші. Кең киім ки, сосын семір”, – деген желі қолданушысына Ерке Есмахан: “Мынаны қандай ниетпен жаздыңыз? Түсінбей қалдым ғой. Ұстасам өзімнің ішім, біреудікін ұстап жатқаным жоқ. Жабыстырып кием бе, басқа кием бе, Рианна сияқты ашып жүрем бе, шаруаңыз болмасын. Мен семіргеннен сізге не пайда? Өз өміріңізді сүрсеңізші”, – деп жауап берді.

Жұлдызды жұп әлі басқалар сияқты гендер пати жасаған жоқ. Ерке Есмахан күйеуінің болашақ сәбидің жынысын көпшілікке жария етуге қарсы екенін айтқан болатын. Содан болар оқырманға ерлі-зайыптының ұл не қыз күтіп жүргені қызық. “Ішіңіздің пішініне қарасам, қыз сияқты” деп болжап жазғандар да бар екен.

“Ішіңнің пішіне үшкір, жалпақ, төмен, жоғары, өйткен сосын бүйткен, “қыз болады, ұл болады” деген көріпкелдер көп. Алланың бұйырғаны болады, күтейік бірге”, – деп жазды Ерке Есмахан.