$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қырғызстанда күйеуі тастап кеткен әйел балаларын сатып жіберген

AstanaTV
25.09.2023ж. 18:37
698
Қырғызстанда күйеуі тастап кеткен әйел балаларын сатып жіберген

Қырғызстанда күйеуі тастап кеткен әйел кішкентай балаларын сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Шу облысының ІІД мәліметінше, милицияға Сокулук ауылының тұрғыны А.А. арзыбен жүгінген. Ол балаларын көруге рұқсат бермеген бұрынғы әйеліне шара қолдануды сұрады. Оған әйелдің түрлі сылтаумен балаларын көрсетпегені және әр жолы балалардың үйде болмайтыны күдікті болып көрінген.

Балалармен кездестіруден бас тарту фактісі Сокулук аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тергеуге дейінгі текесеру басталған.

"2021 жылдың 7 наурызында азаматша Д.Н., Д.Д. есімді қызды дүниеге әкеліп, оны Мәскеу ауданының тұрғынына сатып жіберген, 2022 жылдың 28 сәуірінде К.Т. атты ұл туып, азаматша К-ға сатып жіберген, ал 2023 жылдың 16 наурызында қыз туып, оны азамат М-ға сатып жіберген", - дейді милициядағылар.

Әйелдің күйеуі отбасынан кеткеннен кейін балаларын сата бастағаны айтылған.

Іс жүзінде Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабы ("Балаларды сату") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері әйелді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сокулук ауданының тергеу судьясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Үш баланың да табылғаны хабарланды. Тергеу жалғасып жатыр.