Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

25.09.2023ж. 20:00
554
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті. Жарты жылдың ішінде 14 млрд доллардан асқан. Ал, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің өнімі 2 есе өскен. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық өнеркәсіп көрмесінде айтылды. Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысуда. Олар келушілердің назарына металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен фармацевтика саласындағы өнімдерді ұсынды.

Алексей БОРОДАВКИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕЛШІСІ:

Екатеринбургте өткен соңғы көрмеге Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайлов барды. Сол кезде келесі көрмені Қазақстанда өткізу туралы ой айтылған еді. Міне, бүгін жиналып отырмыз. Бұл – өте ауқымды іс-шара. Оған көп кәсіпкерлер қатысып жатыр. Ұсыныстарын айтып, тәжірибе алмасуда. Серіктес тауып жатыр. Бұл елде бірінші рет өткізіліп отыр.

Иннопром көрмесі 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде Екатеринбург қаласында өткізіледі. Еліміз 2019 жылдан бастап көрмеге тұрақты түрде қатысады. Ауқымды шара өнеркәсіп өкілдері үшін сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға септігін тигізуде. Қазақстан бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп өнеркәсіп саласында 38 бірлескен жобаны жүзеге асырған. Тағы 80 жобаны пысықтап жатыр.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі форумның аясында біздің бірқатар облыстар Ресейдің аймақтарымен келісімшарттар бар ортақ жобаларға байланысты. Бүгін Ұлытау облысы Новгород облысымен жол картасына қол қойдық. Болашақта екі аймақтың экономикалық, мәдени, туризм саласындағы ортақ жоспар қабылдауы. Сол жол каратысының аясында біздің делегациялар Новгородке барып, олар бізге келіп, ортақ жобалар қарастырып, соның ішінде инвестиция тарту жолдарын қарастыру – негізгі мақсатымыз.