Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Зейнетақы жинақтары жайы кезекті рет талқыланды

AstanaTV
11.11.2016ж. 20:00
2706
Зейнетақы жинақтары жайы кезекті рет талқыланды

Бизнесті дамыту мақсатында берілген қазақстандықтардың зейнетақы салымдары қайта ма? Осы сұрақтың жауабы бүгін кезекті рет талқыланды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында зейнетақы қорынан қаражат алынған еді. «Алайда бұл мәселеде заңбұзушылықтар көп және нәтиже жоқ», - дейді есеп комитетіндегілер.

Айгүл Мұхаметкәрім, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:

Ақша мемлекеттік бағдарлама аясында алынып отырғаны белгілі. Алайда бұл зейнетақы активтерінің сақталуы үлкен тәуекелмен жасалып отыр. Аталған мәселе халықты толғандырады, сондықтан әлеуметтік жағынан да аса маңызды болып табылады.

Айгүл Мұхаметкәрімнің айтуынша, 50 кәсіпорынға мемлекеттік аудит жүргізілді. Статистикалық мәліметтер бойынша, шағын-орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны төрт жылда 36 пайызға өскен. Өнім екі есеге көбейген. Бірақ қаржылық көрсеткіштер кеміп кеткен. Аудиторлардың сөзінше, 2013-2015 жылдары бағдарламаға қатысқан жеке кәсіпкерлердің жылдық кірісі 1 пайызға ғана өсті. Сондай-ақ, мемлекеттен көмек алған әрбір сегізінші кәсіпкер салық есептерін нөлдік көрсеткіштермен өткізеді екен.

Саламат ОМАШ