Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде 32 адам сібір жарасын жұқтырған - министр

AstanaTV
26.09.2023ж. 15:17
1521
Елімізде 32 адам сібір жарасын жұқтырған - министр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі сібір жарасының таралуына қатысыт ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сібір жарасы – аса қауіпті инфекция. Аса қауіпті инфекциялар өте мұқият бақыланады. Биыл екі облыста – Ақмола облысында және Жамбыл облысының кейбір аудандарында адамдар сібір жарасы анықталды. 32 адам үй жануарларынан жұқтырған. Барлық науқастар дереу медицина қызметкерлерінің бақылауына алынып, жұқпалы аурулар ауруханаларында емделіп жатыр, - деді Ажар Ғиният үкіметте.

Оның айтуынша, инфекцияны жұқтырған адамдар бар, бірақ індеттен қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Бір ерекшелігі сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды. Бұл зооноздық инфекция, ол табиғатта бұрыннан бар. Жалпы, жануарлар түрлі аурумен ауырмау үшін олар жыл сайын вакцинациялануы керек. Барлық дерт жеке шаруашылықтарда тіркелді, олардың мал-мүлкіне вакцинация жасалмаған, - деп түсіндірді ведомство басшысы.