Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежі 160 мың теңге айыппұл төлейді

AstanaTV
26.09.2023ж. 16:46
2626
Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежі 160 мың теңге айыппұл төлейді

Абай облысында үйлену тойы кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандар ұсталды, дғеп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Семей қаласы ПБ жедел басқару орталығының камералары үйлену той кортежінің құрамындағы «LADA» және «HYNDAI» маркалы машиналардың жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

«Автокөлік жүргізушілері әкімшілік кодекстің 5 бабы бойынша, оның ішінде қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды» дейді полициядан.