Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Британ премьер-министрі: Жасанды интеллекттің бақылаудан шығуына бір жыл қалды

AstanaTV
26.09.2023ж. 23:37
3078
Британ премьер-министрі: Жасанды интеллекттің бақылаудан шығуына бір жыл қалды

Жасанды интеллекттің адамзат бақылауынан шығатын уақыт таяп қалды. Бұл жөнінде Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph басылымының жазуынша, Риши Сунак өзінің бастамасымен Ұлыбританияда жасанды интеллект мәселелеріне арналған саммит өтетінге аз уақыт қалғанда ерекше мәлімдеме жасаған. Премьер-министр ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып жатқанын, теориялық тұрғыдан оны террористтер де пайдалана алатынын ескертті. Жасанды интеллект жүйелеренің жаңа буыны шығарылғанға дейінгі бір жыл ішінде өзін қорғап үлгеру керек.

Британ билігі ChatGPT сияқты қазіргі баламалардан барлық жағынан жоғары болатын жасанды интеллект жүйелерінің келесі буыны қара ниетті адамдардың қолына түсіп, адамзатқа зиян келтіреді деп қорқады. Мысалы, Ұлыбритания үкіметі жасанды интеллект адамдарға биологиялық қарудың жасалу жолы туралы ақпарат беруге қабілетті екенін ескертті. Ел билігін ерекше алаңдататын жайт – жасанды интеллектіні зиянды мақсаттарда – террористік шабуылдар, кибершабуылдар және т.б. үшін пайдалану мүмкіндігі.

Қараша айында Риши Сунактың бастамасымен Ұлыбритания жасанды интеллект пен соған байланысты қауіптерге арналған жаһандық қауіпсіздік саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Съезге жиырмаға жуық елдің өкілдері қатысады. Саммитте Ұлыбритания премьер-министрі жасанды интеллект әзірлеушілерінен олардың жаңа буынының адамзатқа қауіп төндірмейтініне кепілдік беруін талап етуі мүмкін.

Өз туындысына "атомдық қарудан кем" қарамауға кеңес берген кейбір әзірлеушілер британ билігінің ұстанымымен келіседі. Жасанды интеллект жүйелерінің келесі буыны қазіргіден жүз есе күшті болуы мүмкін екенін ескерсек, бұл бос сөз емес екені анық.

Мәселен, ChatGPT-тің мүмкіндігі күннен-күнге артып келеді: енді ұйықтар алдында ертегі айтып, дастархан басындағы дау-дамайды шешеді әрі пайдаланушы енгізген мәтінді дауыстап айтып бере алады.