Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"27 градус жылы, жауын-шашынсыз": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

AstanaTV
28.09.2023ж. 08:44
1536
"27 градус жылы, жауын-шашынсыз": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Бейсенбі, 28 қыркүйекте Қазақстанның үш мегаполисінде – Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада күндіз ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін жетеді, түнде елордада +5....+7 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Қалада жауын-шашын болмайды.

Мамандар астаналықтарға желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке дейін жететінін ескертеді.

Бүгін Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, күндіз ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +9...+11 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

Оңтүстік астанада бүгін желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады. 28 қыркүйекте Шымкентте күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Қалада күндіз ауа температурасы +25...+27 градусқа дейін көтерілсе, түнде термометр бағаны +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.