Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралда астық өнімдері комбинатынан өрт шықты

AstanaTV
14.11.2016ж. 20:00
2143
Оралда астық өнімдері комбинатынан өрт шықты

Оралда "Желаев астық өнімдері комбинатынан" өрт шығып, бес тоннадай күнбағыс дәні өртеніп кетті. Тілсіз жау комбинат қоймасындағы көлемі 350 текше метрді құрайтын дән кептіретін құрылғыдан шыққан. Комбинат ерекше ғимарат санатына жатқызылғандықтан, өртті сөндіруге 16 арнайы техника мен жеке құрамның 41 қызметкері жұмылдырылған. Бұл қоймада 50 тоннадай күнбағыс дәні сақталған. Өрт сөндірушілер 3 сағат дегенде жалынды әрең ауыздықтаған. Қазір тілсіз жаудың шығу себебін анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Дамир Ермағамбетов, БҚО өртке қарсы қызмет бастығының орынбасары:

Өрт ғимараттың жоғары бөлігінде болғандықтан, сөндіру жұмыстары өте қиын болды. Барлық жұмыс биіктікте жүргізілді. Қою түтін мен оттың қызуы күшті болғандықтан, арнайы техниканы қолданып, дән кептіргіш құрылығыға көбік шашуға мәжбүр болдық. Осыдан кейін ғана өрттің қарқыны бәсеңдеді. Қазір кәсіпорын күнделікті жұмыс ырғағына көшті.