Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"700 миллион теңге": Қыран Талапбек хан сарайындай үйін көрсетті

AstanaTV
28.09.2023ж. 14:00
1041
"700 миллион теңге": Қыран Талапбек хан сарайындай үйін көрсетті

Белгілі мобилограф Қыран Талапбек Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында 500 шаршы мерт болатын екі қабатты үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыран Талапбек хан сарайындай үйдің құрылысына 1,5 миллион доллар, яғни 700 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.

“Өзіміздің үйіміз болатын. Ата-анамды көндіріп, ол үйді сатып жібердім де, жер алайық деп ұсыныс тастадым. Ол кезде ақшамыз тек жер алуға ғана жетті. Сөйтіп 10 сотық жер алдық. Жұмыс істеп, ақша тауып, жайлап үй саламыз деп ойладық. Аллаға шүкір, құрылысты аяқтадық. Жер алғанда мұнда ескі үй болдық. Оны сүріп тастадық. Үй 500 шаршы метр. Менің есептеуімше, 1,5 миллион доллардан көп кетті”, – дейді Қыран Талапбек.

Үлкен үйдің алдында тұрған бес автокөлік те назардан тыс қалмады.

“Бес көлік бар. Біреуі - әкемдікі, біреуі - менікі, біреуі - әйелімдікі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім жүргізеді. Соңғысы – электрокар", – деп әр көлікті атап өтті.


Қыран Талапбек пен оның екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Бұл әулеттің келіні ештеңеге шағымым жоқ дейді.

“Бұл үйде Қыран екеуіміз, ата-анамыз және Қыранның інісі тұрады. Ата-енеммен тұрған ұнайды. Бұл үйде барлық жағдай жасалған. Сол себепті ешқандай шағымым жоқ. Ата-енемнің бөлмесі бірінші қабатта. Үйде әркімнің өз шаруасы бар дегендей, кейде тіпті бір-бірімізді көрмейміз. Сондай-ақ үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз бір-біріміздің бөлмемізге кірмейміз", – дейді Гүлзада Тұрлаш.