Ташкентте жойқын жарылыс болды. Кеден органдарына тиесілі қойма отқа оранып, күлі көкке ұшты. 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, 163 адам жарақат алды. Жақын маңдағы ғимараттарға зиян келген. Есік, терезелері сынды. Жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерде де сезілген. Қазір өрт оқшауланып, оқиғаның себебі анықталып жатыр.