Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шикі сүтті өңдеуге қатысты талап күшейеді

28.09.2023ж. 20:00
588
Шикі сүтті өңдеуге қатысты талап күшейеді

Бір жарым жылдан кейін шикі сүт өңдеуге қатысты талап күшейеді. Яғни сиыр тек арнайы құрылғымен сауылып, сүт дер кезінде салқындатқышқа құйылуы керек. Микробиологиялық көрсеткішті сақтау үшін осындай қадам жасалуда. Бірақ шағын және жеке қосалқы шаруашылықтар бұған дайын емес. Елдегі ірі қара малдың 85 проценті солардың қолында. Шикі сүттің 88 процентін өндіріп отыр. Егер олардың көпшілігі жабылса, өңдеуші кәсіпорындар шикізатсыз қалады.

Зәкіржан КУЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Шаруа қожалықтарын жеке қосалқы шаруашылықтармен біріктіріп ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Осы шаруа қожалықтар техникалық регламентке сай болып, техника сатып алуы үшін субсидиялар беру керек.