$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-дағы бастауыш партия ұйымдары конференцияға дайындыққа кірісті

28.09.2023ж. 20:00
785
БҚО-дағы бастауыш партия ұйымдары конференцияға дайындыққа кірісті

Мемлекет басшысының сайлау жүйесін жетілдіру туралы тапсырмасына сай, екі жылдан кейін аудан әкімдерін халық сайлайды. Ал Батыс Қазақстан облысы бұл өзгеріске қазірден әзірленіп жатыр. Аймақтағы пилоттық әкім сайлауы өңірдің үш ауданында 5 қарашада өткізіледі. Осыған орай «AMANAT» партиясының аудандық филиалдары дайындығын пысықтап, алда өткізілер конференцияға делегаттарын сайлап жатыр. Өйткені қоғам өмірінде бастауыш партия ұйымдарының маңызы зор. Бұл ұйымдар партиялық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Люция ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары, рөлі өте маңызды. "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы", Ардагерлерді ардақтайық" жобалары арқылы үлкен жұмыс атқарылады. Міне, осындай үлкен жұмыстың басында тұрған біздің білім саласының өкілдері. Сондықтан да бұлардың, әрбір бастауыш партия ұйымдарының жұмысы ерекше деп ойлаймын.

Конференцияға делегат болып сайланғандар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеретінін жеткізді. Мысалы, ерекше күтімді қажет ететін балалар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын көбейту мен орналасқан ғимараттарының жай-күйі толғандырып отыр.

Әсия ШӘКЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ "БІЛІМ" БПҰ МҮШЕСІ:

Өзім жұмыс істеп жүрген мектептен тыс жұмыс орталығы жалпы қуаттылығы, сыйымдылығы 70 балаға есептелгенімен, қазіргі таңда бұл мекемеде 300-ден астам бала қосымша біліммен қамтылып жатыр. Яғни, ол орталықтан басқа білім беру ұйымдарында, мектептерде үйірмелер ашылып, жұмыс істеп жатыр. Сол мәселені көтереміз деген ойдамын. Яғни, орталыққа үлкен бір мекеме қажеттігі туындап отыр.