$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қазақстанда саусақ іздерін тапсыру міндеттеледі

AstanaTV
14.11.2016ж. 20:00
2160
Қазақстанда саусақ іздерін тапсыру міндеттеледі

Саусақ ізін тапсырудан бас тартқан адамға жеке куәлік берілмейді. Бұндай заң 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. Бүгін «Дактилоскопия және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов осылай деді.

Министрлік жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 36,8 миллиард теңге бөлінуін сұрады. Оның ішінде Ішкі істер министрлігіне - 12 миллиард, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 11 миллиард, Әділет министрлігіне - 88 миллион теңге бағытталады. Қаржы 2018 жылдан бастап 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен беріледі.

Жаңа заңнама адамды және оның жеке мәліметтерін анықтауға мүмкіндік береді. 16 жасқа толған азаматтарға міндетті толып табылады. «Бұдан бас тартқан шетел азаматтары бірден елден шеттетіледі. Саусақ іздері электронды түрде тисті мақсатта ғана қолданылады», - деді вице-министр.