Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда әйелдің басын кесіп өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты

AstanaTV
29.09.2023ж. 08:18
1148
Алматыда әйелдің басын кесіп өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты

Алматыда әйелдің басын кесіп өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото бейнежазбадан алынған

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті. Сот үкімімен, сондай-ақ алқабилердің шешімімен 61 жастағы айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 12-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", – деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Алматыдағы сауда орындарының бірінен басы кесілген әйелдің денесі табылған еді. Күдікті 24 сәуірде ұсталып, қамауға алынды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, ер адам қылмысты алдын ала жоспарлаған. Бұл үшін ол тіпті алдын ала пышақ пен кесілген органдарды салу сөмкелерді дайындап барған.