Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ер адам әкесі мен бауырын жертөледе қамап ұстаған: Екеуі де мерт болды

AstanaTV
29.09.2023ж. 11:15
1046
Ер адам әкесі мен бауырын жертөледе қамап ұстаған: Екеуі де мерт болды

Ресей Федерациясының Кемерово облысында ер адам әкесі мен інісін ұрып-соғып, тұтқында ұстаған. Салдарынан екі адам да қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Туыстары әкесі мен баласының жоғалып кеткенін айтып, дабыл қақты. 70 жастағы зейнеткер мен оның екі ұлы Барановка ауылында тұрды.

Отбасын тексеру үшін полиция қызметкерлері келді. Ешкім есікті ашпаған. Олар үйді ашып, бөлмелерді тінту кезінде жертөле маңынан қан іздерін тапқан. Сол кезде зейнеткер және оның 39 жастағы ұлының мәйіті табылды. Денелерін мумияланған. Сондай-ақ шегелері бар балта, балға, шынжырлы шина, ағаш балға және қан жағылған шүберектер анықталды. Ер адам әкесі мен бауырын азаптаған болуы мүмкін

41 жастағы Дмитрий қыркүйекте ол параноидалды шизофрения диагнозымен психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Қазір ер адамды ұстау мәселесі шешілуде. Оның мерт болған інісі де шизофрения диагнозымен психиспансерде тіркелгені белгілі. Оған "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.