Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

AstanaTV
29.09.2023ж. 14:15
878
Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Астана қаласында тізгінде ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше жол апаты таңғы 08:31-де болған.

"29 қыркүйекте сағат 08.31-де "Mеrcedes-Benz" автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан "Mazda" көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан "Mazda" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр. Көз жұмғандар жоқ, ал жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.