Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ДДСҰ Ливияда су тасқынынан 4 мыңнан астам адамның қаза тапқанын растады

AstanaTV
29.09.2023ж. 15:51
1045
ДДСҰ Ливияда су тасқынынан 4 мыңнан астам адамның қаза тапқанын растады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ливияның солтүстік-шығысында су тасқыны салдарынан 4 255 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы аптаның басында елдің денсаулық сақтау министрлігі табиғи апаттан 3,8 мыңнан астам адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ал БҰҰ 11 мыңнан астам адамның құрбан болғаны туралы мәліметтер келтірді.

Телеарна келтірген ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, 8 540 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сондай-ақ су тасқынынан ең көп зардап шеккен Дерна қаласындағы жерасты суынан алынған сынамалардың бактериялық және химиялық тұрғыдан ластанғаны анықталды.

Өңірдің санитарлық органдары жергілікті тұрғындарға суды залалсыздандыру үшін хлор таблеткаларын таратып, денсаулыққа қауіп төндірмес үшін оны қалай дұрыс пайдалану керек екені туралы нұсқаулар беріп жатыр.

Еске салайық, 4 қыркүйекке қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Су тасқыны бүтін аудандарды шайып кеткен. Аса қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.