Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Екібастұзда бір үйдің екі бірдей қызын зорлаған педофил 8 жылға сотталды

29.09.2023ж. 20:00
1253
Екібастұзда бір үйдің екі бірдей қызын зорлаған педофил 8 жылға сотталды

Екібастұзда бір үйдің екі бірдей қызын зорлаған педофилге қатысты үкім шықты. Сот оның қылмыс жасаған кезде 16-да болғанын ескеріп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған қоса жәбірленуші тарапқа 2 млн. 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуді де міндеттеді. Оқиға осыдан 4 жыл бұрын болыпты. 13 жастағы қызды көршісі зорлаған. Алайда, жәбірленуші бұны ешкімге айтпаған. Арам пиғылды көрші араға жыл салып, анасы үйде жоқ кезде 8 жастағы кіші сіңілісіне де зорлық көрсеткен. Тек осы оқиғадан кейін ғана полицияға шағым түсіріпті.

Агидель ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық соты М қатысты жәбірленуші жас балаларға олардың дәрменсіз күйлерін пайдаланып, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық жасау бойынша қылмыстық істі қарады. Сот қылмыстардың жиынтығы бойынша ішінара қосу арқылы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.