$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда сыныптастарын балтамен шапқан жасөспірімнің психикалық ақауы жоқ деп танылған

29.09.2023ж. 20:00
1097
Қызылжарда сыныптастарын балтамен шапқан жасөспірімнің психикалық ақауы жоқ деп танылған

Қызылжарда сыныптастарын балтамен шапқан жасөспірімнің психикалық ауытқуы жоқ. Комиссия тексеріс қорытындысын жариялады. Мектеп оқушысы өз ісіне толық жауап бере алатыны анықталған. Еске салайық, оқиға ақпан айында Петропавлдағы нөмірі төртінші орта мектепте болды. 9-сынып оқушысы сабаққа балта мен пышақ алып келіп, үш баланың басын жарған. Абырой болғанда, барлығы да дереу дәрігер көмегіне жүгініп, аман қалды. Ал шабуыл жасаған жеткіншек бұған дейін екі мәрте психиатриялық диспансерде емделгені белгілі болды. Қазір полицейлер оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттеп, істі құзырлы тарапқа жолдады.

Айдын ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қылмыстық іс Наурыз айында қозғалған болатын. Сонымен барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот сараптамалық материалдары бәрі тағайындалып, олардың қорытындыларын алдық. 20 қыркүйекте қылмыстық іс прокуратураға жолданған.