$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Депутаттар Қарағандыда 14 ерекше бала уланған орталықты бақылауға алуды сұрайды

29.09.2023ж. 20:00
945
Депутаттар Қарағандыда 14 ерекше бала уланған орталықты бақылауға алуды сұрайды

Депутаттар Қарағандыда 14 бала уланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын бақылауға алуды сұрайды. Елімізде мұндай мекемелер, тіпті интернаттар да өз беттерінше еш бақылаусыз жұмыс істейтін көрінеді. Сондықтан онда тұрып жатқан бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің денсаулығы, ем алу жағдайы мен қауіпсіздігі жабық, сыртқа белгісіз күйде. Бұл мәселе Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағандыда өткен көшпелі отырысында айтылды.

Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов бастаған бірқатар депутаттар аталған орталықты аралап, ерекше балаларға күтім жасайтын мекеме жұмысымен танысты. Айта кетейік, мұнда екі ай бұрын 14 бала уланып, екеуі қайтыс болды. 4 бүлдіршін әлі де ем алып жатыр. Аймағамбетовтың айтуынша, елімізде осындай орталықтар жабық мекемелерге айналған. Сондықтан балалардың денсаулық жағдайы басқа медицина, білім және әлеуметтік мекемелерге әрдайым ашық жария болуы тиіс дейді. Қазіргі таңда осы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысты жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ӘЛЕУМЕТТІК- МӘДЕНИ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

“Заң жобасы болғаннан кейін бір- ақ қана норма болмайды.Лицензиялау мәселесі де қамтылады.Мен айтқан ратация мәселесін қамтимыз деп отырмыз.Оның ішінде тиісті талаптарды күшейту мәселесі қарастырылып отыр.Жабық мекемелерді шұғыл тексеру мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Өйткені бұлар жабық мекеме болғаннан кейін балаларөз- өздерінің құқықтарын қорғай алмайды”.

Сонымен қатар арнайы мекеме мамандарының жалақысын көтеру мәселесі де қаралып жатыр. Себебі, мысалы осы орталықта дәрігер тапшы, оның үстіне жалақы аз, 80 мың мен 160 мың теңге аралығында. Әлеуметтік салада жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің айлығы емханалардағы мамандардыкінен әлдеқайда төмен.

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

“Негізі теңбе- теңдік осы біздің саламыз әлеуметтік сала, денсаулық саладағы дүмыс жасайтын және де білім, ағарту саласында әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын бірдей қылып жасауға ендігі жылға дейін бюджетке ұсыныспен кіреміз ба деген жоспар бар”.