Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

2 адам көз жұмып, 20 адам зардап шекті: Қарағандыда көпірде жол апатын жасаған автобус жүргізушісі сотталды

AstanaTV
30.09.2023ж. 10:25
825
2 адам көз жұмып, 20 адам зардап шекті: Қарағандыда көпірде жол апатын жасаған автобус жүргізушісі сотталды

Қарағандыда көпірдің үстінде қарсы бағытқа шығып жол апатын жасаған автобус жүргізушісі 9 жылға сотталды.

КТК арнасының хабарлауынша, алғашында прокурор оған 7 жыл беруді сұраған. Алайда судья екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алған апатты жасаған жүргізушінің кінәні мойындамауы жазаны ауырлатты дейді.

 «Ол әдейі істемесе, рөлден секірмес еді. Ол әдейі істемесе наушникпен сөйлеспес еді. Мен тура артында отырдым. Ол қалай сөйлескенін, қалай секіргенін бәрін көрдім. 10 ай ауруханадан шықпадық. Егер де ол қатты жүрмегенде, егер де ол телефонмен сөйлеспегенде бәрі басқаша болушы еді. Бүкіл жүргізушілерге бұл сабақ болу керек», - дейді зардап шегуші Аягөз Санақбай.

Былтыр қарашаның 25-і күні таңғы сағат тоғызда 33 жастағы Айдын Оразов тізгіндеген автобус көпірдің үстінде қарсы бағытқа шыққан. Ол алдында келе жатқан екі автобустан озбақ болған. Санаулы секундтарда қарсы бағытта көпірге көтеріліп келе жатқан 41- ші бағытағы автобусқа соқтығысқан. Соның салдарынан автобустың 66 жастағы жүргізушісі сол жерде тіл тарпай кетті. Ал сотталушы тізгіндеген автобуста 19 жастағы студент қыз ауруханада көз жұмды. 20 шақты адам түрлі жарақаттар алып, кейбірі әлі емделіп жүр. Жүргізушінің өзі де ауыр жараланып, емделген. Алайда ол сот процесінде кінәсін мойындамай қойды. Сот шешімі бойынша қатты зардап шеккен екі адамға 1 миллион теңгеден өтеуі тиіс. Қалғаны келген моральдық шығындарын азаматтық сотта даулай алады. Сотталушының жағы үкіммен келіскен жоқ.

 «Жылдамдықты асырғанын жоққа шығарды. Дөңгелектің желі шығып кетті деді. Көктайғақ болды деді. Кінәсін толық мойындаған жоқ. Аталаған бап 5 тен 10 жылға дейінгі жазаны қарастырады. Қылмысты жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды зерттей келе, 9 жыл бас бостандығынан айыру шешімі шықты», - деді судья Айгүл Мырзабекова.