Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды.
«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.
Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.
Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.