Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды

AstanaTV
30.09.2023ж. 19:02
2106
Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды

Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті.

«25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.

Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.