Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Экономист ақша жинаудың ең тиімді әдісін атады

AstanaTV
01.10.2023ж. 11:10
1278
Экономист ақша жинаудың ең тиімді әдісін атады

Қаржы талдаушы Михаил Беляев "Лента.ру"-ға ақшаны қалай тиімді үнемдеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол табысы төмен адамдар үшін лезде үлкен көлемде қаражат жинаудың жолы жоғын айтты. Сондықтан қаржы тапшылығынан қатты қиналмас үшін кез келген табыстың 10 пайызын банк шотына салып отыру керек. Ақшаны жалақы алғаннан кейін бірден шотқа салу маңызды.

"Бұл пәтердің ақысы, салық сияқты міндетті төлем болуы керек, айдың соңында не қалатынын күтудің қажеті жоқ", - деді экономика ғылымдарының кандидаты.

Маман ақшаны ұтымды пайдаланып, эмоционалды жұмсаудан аулақ болуға және кірісті үлкен керекті заттарды сатып алу арқылы өлшеуге кеңес берді.

Сондай-ақ, экономист салық шегерімдері туралы ақпаратты зерттеп, мүмкін деген барлық жеңілдікті пайдалануды ұсынды.

"Ақшаның қандай да бір бөлігін жинаған кезде оны бізден банк немесе кіріс активіне салыңыз. Пайыз болса да, бәрібір қандай да бір табыс. Қаржылық сауаттылықты аздап болсын игеріп, ақшаның көзге көрінетін көлімді сомасын жинаған кезде басқа құралдарды пайдалануға болады. Мысалы, жеке инвестициялық шот арқылы бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қосыла аласыз", - деді Беляев.