Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жаттықтырушыдан дүкенге сұранған: Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала оқыстан қаза тапты

AstanaTV
01.10.2023ж. 10:56
785
Жаттықтырушыдан дүкенге сұранған: Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала оқыстан қаза тапты

Атыраудан Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала қаза тапты. Деректерге сай, қайғылы оқиға балалар дүкенге сұранып кеткен кезде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аtpress.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні түс аған уақытта оқыс оқиға салдарынан болған. Бейресми дереккөздердің мәліметінше, бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысу үшін Атыраудан Алматыға келген.

"Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді апарған. Бір топ бала атыраулық спортшылар тұрақтаған жерде болған. Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған. Салдарынан алты жасар И.Ж. оқыс оқиғаға ұшырап, салдарынан қаза тапқан.

Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда.