Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр

AstanaTV
02.10.2023ж. 14:02
787
Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр

Елордада үйлерге және әлеуметтік нысандарға жылу қандай жағдайда берілетіні айтылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы  қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және жылу беру қағидаларына сәйкес ауа райының орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан төмен болған жағдайда 5 тәуліктің ішінде қалалық жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылдайды», - деп түсіндірді басқармадан.

Сондай-ақ, хабарламада әлеуметтік нысандарға жылудың беріле бастағаны айтылған.

«Әлеуметтік нысандардан (балабақша, мектеп, аурухана, оңалту орталықтары) келіп түскен өтінімдер бойынша жылу беруді кезең-кезеңімен іске қосу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Осыған қарай қазір қала бойынша 116 әлеуметтік нысанға (балабақша, мектеп, аурухана) жылу берілді.