Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, элиталы үй сатып алған

02.10.2023ж. 20:00
949
Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, элиталы үй сатып алған

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы 1,1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қаржыны қалтасына басқандар Елордадағы элиталы тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Барлық мүлікке тиым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.