Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«AZAM» зауыты елімізде дәнді дақылды кептіретін және тазалайтын 100-ден астам кешенді іске қосқан

02.10.2023ж. 20:00
581
«AZAM» зауыты елімізде дәнді дақылды кептіретін және тазалайтын 100-ден астам кешенді іске қосқан

Ақмола облысында орналасқан «AZAM» зауыты елімізде дәнді дақылды кептіретін және тазалайтын 100-ден астам кешенді іске қосқан. Өндіріс орны 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Заманауи техника шығаратын кәсіпорын 150-ден астам азаматты жұмыспен қамтып отыр.

«AZAM» зауыты соңғы жылдары фермерлерді арнайы техникамен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың бірі. Мұнда дәнді дақылдарды кептіріп, тазалайтын құрылғы шығарылады. Кәсіпорын қысы-жазы тынымсыз жұмыс істейді. Сұраныс артып, шамадан тыс тапсырыс түскенде екі ауысыммен жұмыс атқаратын кездері де болады.

Ануарбек ТОМКОВ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің кәсіпорын Қазақстандағы бірден-бір дәнді дақылдарды кептіргіш техникасын шығаруды жолға қойған кәсіпорын. Біз өнімдерімізді бүкіл Қазақстан бойынша сатып жатырмыз. Кәсіпорын қазіргі таңда бәсекеге қабілетті. Біз оған кепілдік береміз: дәннің жоғары сапасы, өнгіштігінің жақсаруы, дән¬нің пісіру қасиеттерінің жақсаруы. Кеп¬тіру үдерісінде біз дәрумендер мен дәннің тұтастығын сақтаймыз

Дән кептіргіш және тазалаушы техниканы шығаруға қажетті темірді Қарағанды қа¬ла-сынан алады. Ал оларды кесіп-пі¬шіп, құрастыратын станоктары мен түрлі қажет жабдықтарын негізінен Қытай елінен жеткізеді. Ол үшін көрші елге арнайы барып, станокты, әбден тексеріп, сынақтан өткеріп барып қана таңдаулыларын алып келеді.

Арғын САДАУОВ, БАС ИНЖИНЕР:

Жылына 15 кептіргіш жасай аламыз. Біздің кептіргіштің сапасы өте жоғары. Біздің ауа райға, біздің жемге сәйкес келетін кептіргіш. Сағатына ең ең үлкені 50 тонна кептіреді. Күніне мың тонна кептіре аласыз.

Кәсіпорын шығарған кептіргіш зауыттың бірі Бұландыға қарасты Жу¬равлевка елді мекенінде орналасқан. Онда зауытпен қатар кептірілген дән да¬қылдары сақталатын жабық қой¬ма¬лары да бар.

Темірболат МҰРАТҰЛЫ, ДИХАН:

Бізде кептіргіш бар "AZAM" міне. Міне кептіргіш, былтыр қойдық. Тәулігіне 650-700 тонна кептіреді. Жақсы кептіргіш.

«АZАМ» зауыт құрастырушы компаниясының тағы бір ерекшелігі кептіргіштердің еліміздегі климатқа сәйкестігінде дейді мамандар.