Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда 6 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды

02.10.2023ж. 20:00
681
Алматыда 6 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды

Алматыда 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің шатырынан құлап мерт болды. Оқыс жағдай Бостандық ауданындағы «Қуат» тұрғын үй кешенінде болған. Жеткіншек шатырға мініп, ойнап жүрген болу керек. Ал ағаш шатыр шыдамай, сынып кетіпті. Салдарынан бала сол жерде қайтыс болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты іс тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.