Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

AstanaTV
03.10.2023ж. 15:12
656
Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны А.Шымбергенов 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.

Ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевтан төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта жеңіліп жатып, ақыры нокаутқа жіберген Асланбекке барша қазақ елі осы Азия ойындарында үлкен үміт артқаны анық.

С.Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қаша жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Асланбек басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді – 2:3.