Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда газ цистернасы өртеніп, бір адам зардап шекті

03.10.2023ж. 20:00
771
Қызылжарда газ цистернасы өртеніп, бір адам зардап шекті

Ал Қызылжарда газ цистернасы өртеніп, бір адам зардап шекті. Газ құю бекетіне келген көлік кенеттен отқа оранған. Салдарынан жүк көлігінің қасында тұрған жүргізушінің денесін күйік шалды. 65 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ерік САРЫБАЕВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

бар жоғы 9 минутта өрттің беті қайтарылды. Жалпы осы өрт сөндіруге 9 бірлік техника мен 43 адам тек төтенше жағдай департаментінен, одан бөлек шұғыл медициналық үш автокөлігі және полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршау бойынша жұмыстарды атқарды.

Дәл осындай жағдай бүгін Алматыда да болды. Жанар-жағармай тиеген жүк көлігі кенеттен өртене бастаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші ГАЗ көлігін жанармай құю станциясынан шалғайға сүйреп үлгерген. Ал өрт сөндірушілер жанып жатқан көліктен сегіз бөшкені бөліп алды, оның үшеуі жанармайға толы болған.