Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

51 рет жол ережесін бұзған Қостанай тұрғынына 1,5 млн теңге айыппұл салынды

03.10.2023ж. 20:00
705
51 рет жол ережесін бұзған Қостанай тұрғынына 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Қостанайда бір ай ішінде 51 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды. Жоғары жылдамдықпен жүйткіткен 25 жастағы жігіт 1 миллион 500 мың теңге айыппұл төлейді.

Ереже ескермейтін жүргізуші «Қорғау» мобильдік қосымшасы арқылы анықталған. «Ваз 2114» автокөлігін тізігіндеген азаматтың сақтандыру полисі мен техникалық тексеруі де жоқ болып шықты. Полиция қызметкерлері темір тұлпарды арнайы айыппұл тұрағына қойды. Облыс орталығында көлік жылдамдығын қадағалайтын 53 жүйе орнатылған. Жыл басынан бері аймақта 55 мыңнан астам жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталып отыр.

Алмат ҚАРЫМСАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол ережесін өрескел бұзған өңір тұрғынына қомақты айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Сонымен қатар сақтандыру полисі мен көліктің техникалық тексеруі болмағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.