Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақстан Африка елдерімен қарым-қатынасты кеңейтеді

AstanaTV
03.10.2023ж. 17:39
827
Қазақстан Африка елдерімен қарым-қатынасты кеңейтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.