$498.34 €519.72 ₽4.85
×

4,6 млрд теңге заңсыз пайда тапқан: Бурабайдағы танымал казиноға айыппұл салынды

AstanaTV
04.10.2023ж. 10:05
773
4,6 млрд теңге заңсыз пайда тапқан: Бурабайдағы танымал казиноға айыппұл салынды

Ақмола облыстық прокуратурасы Бурабайдағы танымал казиноға тексеру жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тексеріс барысында Бурабай ауданында орналасқан казиноның ұтыс пайызына қойылатын талаптарды сақтамағаны және ойын автоматтарын заңсыз пайдаланғаны анықталды.

"Сот шешімімен казино әкімшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 445-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 450 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, 4,6 млрд теңге көлемінде заңсыз жолмен алынған кіріс тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Казиноның лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Прокурорлардың айтуынша, казино "Ойын бизнесі туралы" заңды бұзып, екі жыл ішінде 4,6 миллиард теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан.

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған 15 жасөспірімнің ойын мекемесінде жұмыс істейтіні анықталды, заң бойынша олардың еңбегін ойын бизнесінде пайдалануға тыйым салынған.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысы полицияға жүктелді", – делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында.