$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сырғанақта ойнаймын деп саусағынан айырыла жаздады

Сырғанақта ойнаймын деп саусағынан айырыла жаздады

Қызылордада екі жасар бүлдіршін ойын алаңында жүріп бір саусағынан айырыла жаздады. Анасының айтуынша, ол кішкентай Ернарды көпқабатты үйдің алдына ойнатуға шыққан. Сырғанақтан төмен қарай құлдилаған балақайдың қолы темірдің арасына қысылып, кішкене саусағының терісі жұлынып кеткен.

Әсел ОРАЛОВА, ЕРНАРДЫҢ АНАСЫ:

Жабайын десем, алдына. Жоқ қой мынадай қолы. Шыңғырдым. Көршім жүгіріп келеді, жедел жәрдем шақырады. Сосын қолын алып келеді ғой. Мынау жартысы қалып қойған деп. Әзер алдық деп.

Дәрігерлердің айтуынша, Ернардың жағдайы орташа ауырлықта. Олар алақан терісін саусағына жамаған. Алда тағы бір күрделі операция бар.

Жеңісбек КӘРБОЗ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

15 күннен кейін жарасы біздің жасаған операциямыздың анастомозы толық жазылғаннан кейін, анастамозы ашу мақсатында екінші жоспарлы ота тағайындалды.