Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Тобыл өңіріндегі элеваторларда кезек күткен көлік көп

04.10.2023ж. 20:00
518
Тобыл өңіріндегі элеваторларда кезек күткен көлік көп

Тобыл өңіріндегі элеваторларда кезек күткен көлік көп. Жүргізушілер мәшинесіне тиелген астықты өткізу үшін тәуліктеп тұруға мәжбүр. Биыл бидайдың сапасы төмен. Элеваторларға келіп түскен астықтың 80 проценті төртінші, бесінші сұрыпқа жатқызылған. Яғни ұн тартуға да жарамсыз. Соған қарамастан шаруалар өнімді сақтап қалудың қам-қарекетімен жүр. Ал оны кептіріп, ылғалын тиісті мөлшерге жеткізу үшін қыруар уақыт қажет.

Сапарбек МҰҚАНОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Мен сағат кеше сағат 10-да келдім. Содан бері тұрмын. Әлі кірген жоқпын. Көбісі мельницалар алмайды. Өйткені 5-ші класс. Көбісі неклассный келе жатыр қазір. Кейде күніне бір рейс істейміз. Кейде бір рейсте істей алмаймыз. Тұрып қаламыз.

Диірмендер тікелей алқаптан тасылатын бидайды қабылдамайды. Сондықтан ауыртпалық элеваторларға түсіп жатыр. Облыста 37 астық қабылдау пункті бар. Олар күні-түні жұмыс істеуде. Жалпы сыйымдылығы -3 миллион тонна.

Қуан ЕСҚАЙЫРОВ, АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Күніне 500 тоннадай кептіреміз, ал қазіргі таңда 12 мың тонна ылғал бидай келіп тұр. Сол 12 мыңның жартысынан көбін кептірдік. Әрі қарай жұмыс көп. Себебі бірнеше этаптан тұрады. Бір этаптан 25-тен 14-ке дейін түсіру қиын, Сол себепті 3,4,5 этаптан кептіреміз.