Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов оныншы рет кездеседі. Аса ауыр салмақтағы боксшылар финалға жолдама алған болатын. Шаршы алаңдағы ақтық сын ертең өтеді. Бұл жолы кімнің бағы мен бабы қатар шабады? Толығырақ спорт топтамасында.
Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының финалына шықты. 57 келіде өнер көрсететін отандасымыз тартысқа толы кездесуде Тәжікстан өкілі Мижгона Самадованы жеңді. Енді ол ақтық сында алтынды қытайлық Лин Ю Тинмен сарапқа салады.
КАРИНА ҚЫТАЙЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ
Аса ауыр салмақта финалда отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбек боксшысы Баходир Жалолов кездеседі. Жекпе-жек ертең өтеді. Қамшыбек жартылай финалда үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ал Жалолов Қытайдан келген этникалық қазақ боксшысы Байқоныс Данабекті нокаутқа түсірді.
Екі боксшы осыған дейін 9 рет жолыққан. 2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1 есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз қатарынан алты рет ұтылды.
ҚОҢҚАБАЕВ ПЕН ЖАЛОЛОВ ОНЫНШЫ РЕТ КЕЗДЕСЕДІ
Қазақстандық жеңіл атлеттер Дэйзи Джепкемей мен Каролин Кипкируи Чепкоеч Азия Ойындарының финалында өнер көрсетіп, 5000 метрге жүгірді. Кипкируи үшінші орынға жайғасып, қола жеңіп алды.
Надежда Дубовицкая да биікке секіруден қоржынға қола қосты. Ол 1,86 метр нәтиже көрсетті. Өзбекстан спортшылары Сафина Садуллаева мен Светлана Радзивиль алтын және күміс жүлдені иеленді. Тағы бір қазақстандық Кристина Овчинникова 1,83 метр нәтижемен төртінші тұғырдан көрінді.
Дубовицкая бокстан құрама капитаны Асланбек Шымбергеновпен бірге Азия ойындарының ашылуында көк байрағымызды ұстап шықты.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ЖҮЛДЕ САЛДЫ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде екінші матч өткізді. Финалдың 1/16 кезеңінде өткен кездесуде Рыбакина неміс теннисшісі Татьяна Мариямен ойнады. Екі сетте 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 10 минутқа созылды.
Бейжің турнирінің өткен матчында қазақстандық теннисші қытайлық спортшы Синьвэнь Женді екі сетте сенімді түрде жеңді. Есеп 6: 1, 6:2. Айта кетейік, бұл турнир Елена үшін жақында Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық чемпионатынан кейін бірінші болды.
РЫБАКИНА ЕКІНШІ КЕЗДЕСУДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші турында Итальяндық "Наполи" мен испандық "Реал" кездесті. Ойын королдік клубтің жеңісімен аяқталды. Есеп 2:3. 19-минутта Лео Эстигор алаң қожайындарын алға шығарды. 27-минутта Винисиус Джуниор ерекшеленді, ал 34-ші минутта испандықтар басымдық танытып, Джуд Беллингем нәтижелі соққымен көзге түсті. 54-минутта Петр Зелиньски пенальтиді сәтті орындады. Федерико Вальверде соққысынан кейін автогол Алекс Мереттің есебіне жазылды. Осылайша, екі матчтан кейін Реалдың қоржынында алты ұпай бар, ал Наполиде үш ұпай.
"РЕАЛ" «НАПОЛИДІ» ЖЕҢДІ
Ал Француздық "Ланс" өз алаңында сенсациялық түрде ағылшын "Арсеналын" 2-1 есебімен жеңді. Француздардан голды Адриен Томассон мен Элье Ваи соқты, ал Лондон командасының құрамында Габриэль Жезус ерекшеленді.
ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ СЕНСАЦИЯСЫ
Түрік командасы "Галатасарай" да күтпеген нәтиже тіркеді. Ол ағылшындық "Манчестер Юнайтедті " жеңді. Есеп 2:3. "Галатасарай" құрамында Вильфрид Заа, Мұхаммед Керем Ақтүрікоғлы және Мауро Икарди гол соқты. Манчестер Юнайдтентен Расмус Хейлунд дубль жасады. Франция (Ланс – Арсенал)
"ГАЛАТАСАРАЙ" АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢДІ
Сауд Арабиясының "Әл-Хилал" клубының Бразилиялық шабуылшысы Неймар дебюттік голын соқты. Эр-Риядтан келген клуб үшін алғашқы голын Бразилиялық форвард ирандық "Нассаджи Мазандаран" командасына қарсы Азия Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі матчта соқты. Бразилиялық ойыншы матчтың 58-ші минутында соққан голымен ерекшеленді, есеп 0:3. Айта кетейік, Сауд Арабиясы клубында алғашқы голды соғу үшін 31 жастағы футболшыға бес матч өткізу қажет болды.
НЕЙМАР АЛҒАШҚЫ ГОЛЫН СОҚТЫ
Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)
Winline қосымшасын жүктеп алыңыз
5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда
5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!
Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.