Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

СҚО энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

05.10.2023ж. 20:00
727
СҚО энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Қызылжарда облыстық энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік Бахыт Ілиясовқа ірі көлемде пара алған, пара берген және сыбайластарымен бірге бюджет қаржысын жымқырған деген айып тағылған болатын. Жауапқа тартылғандардың тағы бірі -қалалық әкімдіктің меншігіндегі «Коммунхоз» серіктестігінің директоры. Қалған екі сотталушы- жол салумен айналысқан компаниялардың өкілдері. Сот материалдарына сүйенсек, 2020 жылы Бахыт Ілиясов қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарып тұрған кезде жол жөндеуге бөлінген бюджет қаржысының 35 млн теңгесін жымқырған. Ал сметалық құжаттарда атқарылған жұмысты іс жүзіндегіден жоғары бағалаған. Сол үшін пара алған. Ол 8 жылға, қалған үш сотталушының әрқайсысы 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Тахмина СОБИРОВА, ҚАЛАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Жапа шегуші тарап – қалалық әкімдік өкілі жолдаған азаматтық талап-арыз толықтай қанағаттандырылсын. Сотталушылар келтірілген материалдық шығынды толық өтеуге міндеттеледі.