Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Әйелдерді өксітіп жылататын жаңа терапия пайда болды

05.10.2023ж. 20:00
611
Әйелдерді өксітіп жылататын жаңа терапия пайда болды

Адамды жылатып емдеуге болады. Қазір әйелдердің өксігін шығаратын жаңа терапия пайда болған. Ондай арт-терапевтердің бірі "клиентін" шегеге тұрғызып шерін тарқатса, енді бірі сәби секілді құндақтап, бесік жырын айтып тербетеді. Керек десең, жатырдың ішіне оралып, ананың алақанын сезе аласың. Бастысы – ақшасын төлесең болды. Бұл қандай құдірет? Аружан Задабек айтады.

Қайта бала болғыңыз келе ме? Боласыз! Түк қиындығы жоқ. Арт-терапевтер сізді дәл осылай орап, бесік жырымен әлдилейді. Керек десең, бөтелкемен сүт береді. Жыласаң жұбатады, анаң секілді құшағына басады. Осы арқылы болмаған балалықты сезінуге болады – дейді.

Әлди әлди ақ бөпем, ақшаңды бер де жат бөпем! Бұл терапияның құны - 70 мың теңге. Күлкілі болуы мүмкін. Бірақ бұған баратын адам көп қазір. Тіпті арнайы 2-3 ай бұрын жазылады. Әлеуметтік желіде танылған сабақтар туралы қазір елдің бәрі біледі.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ойбай, не деген қымбат? Қымбат қой. + Может ақшасы көп.
- Егер сабақ беретін адам реально оқып келсе оны, онда болады. Көп адам бар қазір, сол адамнан курс сатып алады да, соларды оқыған сияқты болады. Олар дұрыс емес.
- Сенем негізі. Өте дұрыс деп ойламын психологиялық жағынан. Өзім сондайға барғым келген.
- Өз басым сенбеймін. Самовнушение сияқты.

Мамандар тек балалық шаққа оралтпайды. Керек десең, өлгендермен тілдестіреді. Періштелерді жерге түсіріп, бетпе-бет кездесу ұйымдастырады. Қысқасы, біз «мүмкін емес» дегеннің барлығын мүмкін етеді. Іштегі стрессті шығарып, сезімдеріңізбен бөлісуді үйретеді.

Айдана САҒЫНҒАЛИ, АРТ-ТЕРАПЕВТ:

Қандай да бір өткендегі блоктар болса, кедергілер болса, осы өміріңізде соны шешу арқылы өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертіге болады. Даже аурулардың да себептерін анықтауға болады.

Терапияға, көбінесе, қыз-келіншектер қатысады. Өйткені қазір әйелдерде энергия аз, - дейді психологтар. Бұл қызметке өмірде өз орынын таппай, өзгеге тәуелді болғандар көп жүгінетінін айтады.

Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Кішкентай кезінде көп қиындыққа ұшыраған адамдар, яғни, ішкі жігерін дамытпаған адамдар, белгілі-бір қиындыққа үйренбеген адамдар әрқашан да жеңіл дүниені істегісі келетін адамдардың қатарындағы тұлғаларды айтсақ болады.

Мұндай тренингтердің бәрі бірдей адамға пайдасын тигізбейді. Арасында «аңқау елге арамза молда» боп жүргендер бар. Мынау дұрыс, ал мынау бұрыс деп айтудан аулақпыз. Желіде хит боп жатқан терапияларға сеніп-сенбеу әркімнің өз еркінде.

.