Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Азиада ойындарында қоржынымызға үш алтын түсті

AstanaTV
05.10.2023ж. 20:00
646
Азиада ойындарында қоржынымызға үш алтын түсті

Азиада ойындарында қоржынымызға үш алтын түсті. Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан қарсылас шақ келтірмесе, велошабандоз Евгений Федоров шашасына шаң жұқтырмады. 75 келі салмақта каратэші Нұрқанат Әжиқанов ақтық сында иорданиялық қарсыласын жеңді. Толығырақ спорт топтамасында.

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарында ерлер арасында тас жолда топтық жеке веложарыс өтті. Қазақстаннан төрт спортшы жарысқа шықты: Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко. Федоров пен Луценко жарыстың алғашқы кезеңдерінде сенімді түрде алға шықты. Нәтижесінде Евгений жеңімпаз атанды, ал Алексей күміс медаль жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алексей Луценко Азиадада "алтынды" жеке стартпен жеке жарыста жеңіп алған болатын.

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР "АЛТЫН" МЕН "КҮМІС" ИЕЛЕНДІ

Сонымен қатар Азиадада тағы екі алтын ұлттық құраманың қоржынына түсті. Жүлдені джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков алды. Ол финалда 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. БАӘ-тен келген қарсыласын жеңді. Қорытында есеп 4-2. Ал Алдияр Серік пен Мансур Хабибулла қола жүлде еншіледі.

Сондай-ақ, Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжиқанов елімізге кезекті алтын әкелді. 75 келіге дейінгі салмақта Әжиқанов Иордания өкілін 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал әйелдер арасында Лаура Аликул 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде каратэдан күміс әкелді.

ҚОРЖЫН ЕКІ АЛТЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бір күміс және үш қола. "Күмісті" елге грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет әкелді. Спортшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ал Азат Садықов 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Сондай ақ, үшінші орындарды боксшы Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және ауыр атлет Александр Уваров иеленді.

ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде үшінші кездесуін өткізді. 1/8 финалда отандасымыз 16 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреевамен кездесіп, үш сетте жеңіске жетті. Есеп 2:6, 6:4, 6:1. Кездесу бір сағат 50 минутқа созылды.

РЫБАКИНА РЕСЕЙЛІК ВУНДЕРКИНДТІ ЖЕҢДІ

Астаналық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасының матчында мәскеулік ЦСКА-мен ойнады. Бірінші кезеңде алаң иелері есеп ашып, екіншісінде есепті еселеді. Соңғы жиырма минут астаналықтардың бұрынғы капитаны Даррен Дицтің таблодағы көрсеткішті өзгетті. Есеп 4:0. Бұл қазақстандық клубтың төртінші жеңілісі. Қазанның 6-сы "Барыс" Подольсктің "Витязімен" кездеседі.

"БАРЫС" ТАҒЫ ЖЕҢІЛДІ

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші турында ағылшындық "Ньюкасл" француздық "Пари Сен-Жерменге" қарсы ойнады. 17-минутта есепті Мигель Альмирон ашты, содан кейін үзіліске шығар алдында 39-шы минутта Дэн Берн гол соқты. Кездесудің екінші жартысында "Ньюкасл" командасынан Шон Лонгстафф пен Фабиан Шер ерекшеленді. Париждіктер үшін жалғыз голды Лукас Эрнандес соқты. Есеп 4:1. Бұған дейін F квартетінде "ПСЖ" дортмундтық "Боруссияны" жеңді, ал "Ньюкасл" итальяндық "Миланмен" тең ойнаған болатын.

"НЬЮКАСЛ" «ПСЖ» КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

Ал "Манчестер Сити" "РБ Лейпцигпен" кездесті. Есепті Фил Оден жекпе-жектің 24-ші минутында ашты, алайда ойынның екінші жартысында Луа Опенда оны теңестірді. Манчестер Сити командасынан Джулиан Альварес пен Жереми Докудың гол салды. Есеп 3:1.

«Барселона» «Портумен» ойын өткізіп, Ферран Торрестің үзіліс алдындағы бірінші өтелген минутта соққан голының арқасында минималды ұпаймен жеңіске жетті. Осылайша, екі команда да Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екі турынан кейін алты ұпай жинады.

"МАНЧЕСТЕР СИТИ" СЫРТ АЛАҢДА "РБ ЛЕЙПЦИГТІ" ЖЕҢДІ

"БАРСЕЛОНА" "ПОРТУДЫ" 1:0 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ

2030 жылы футболдан әлем чемпионатының матчтарын алғаш рет үш құрлық елдері қабылдайды. Финалдық турнирдің негізгі ұйымдастырушылары Испания, Португалия және Марокко болады. Бұл ретте үш бастапқы матч Уругвайда, Аргентинада және Парагвайда өтеді. Бұл шешім әлем чемпионаттарының жүз жылдығына байланысты. 1930 жылы Уругвайда алғашқы мундиал өтті. Бастапқы матч 1930 жылы Ойындар "Эстадио Сентенарио" стадионында өткізілген.

Соңғы әлем чемпионаты 2022 жылы Катарда өтті. Финалда Францияны жеңген Аргентина құрамасы жеңімпаз атанды. Келесі Әлем чемпионаты 2026 жылы өтеді, оны АҚШ, Мексика және Канада қабылдайды.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЛТЫ ЕЛДЕ ӨТЕДІ

Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді. Тиісті шешім Түркия өз өтінішінен бас тартқаннан кейін қабылданды.

Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландияның өтінімі қабылданды. УЕФА қазір елдердің футбол қауымдастықтарына олардың өтініші қабылданғанын және атқару комитетіне бағалауға жіберілгенін растады. Оның отырысы қазанның 10-ы Ньонда өтеді. Қорытынды шешім отырыста елдердің өз өтінімдерін қалай қорғайтынына байланысты.

Футболдан Еуропа чемпионаты 2028 Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.