Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды massaget.kz.
80 келі салмақтағы финалда Тоқтарбек филиппиндік Эумир Феликс Марсьяльмен қолғап түйістірді. Үш раунд қортындысы бойынша, қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 5:0 (29-28, 29-28, 29-28, 29-28, 29-28). Екінші раундта Тоқтар қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік.
Еске салайық, бұл жарыстың 1/8 финалында Тоқтар қазақстандық Нұрбек Оралбайды жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.
26 жастағы қандасымыз көктемде Өзбекстан астанасында өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.