$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында мектеп директоры мұғалімдерден ақша талап еткен

06.10.2023ж. 20:00
1214
Түркістан облысында мектеп директоры мұғалімдерден ақша талап еткен

Түркістан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары ел қатарлы мектепке барып, қолдарына кітап, дәптер ұстамаған. Сарыағаш ауданындағы шағын мекемеде әлі сабақ кестесі де жоқ. Мұның бәрі директордың мұғалімдерге жүктемені бөлмегендігінен туындағаны анықталды. Ол сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен. Бұл туралы «АМАNAT» партиясы жанындағы Республикалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтты. Ал құзырлылар бұдан бейхабар болып шықты.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Құзыретті орталық мемлекеттік органның жергілікті атқарушы билік органы Білім басқармасымен байланысының жоқ екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Мәселе сонда. Сіз әкімдікке, білім басқармасына сілтейсіз. Одан бөлек сапаны қамтамасыз ету комитетіне сілтейсіз. Ал соңында әлі күнге дейін, бүгін 6-қазан, әлі күнге дейін мұғалімдердің сабақ жүктемесі бекітілмеді дегеніміз не сөз? Ол айлық алмайды деген сөз. Айлық алмайды дегеніміз не сөз? Ол әлеуметтік теңсіздікке және әлеуметтік наразылыққа алып келеді деген сөз. Ал ол жүктеме қыркүйек айында тамыз кеңесіне дейін бекітіліп болу керек.