Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Air Astana Тель-Авивке жоспарланған рейстерді тоқтатты

AstanaTV
07.10.2023ж. 21:28
736
Air Astana Тель-Авивке жоспарланған рейстерді тоқтатты

Тель-Авивке бұдан кейінгі барлық рейс келесі хабарламаға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Air Astana» әуе компаниясы ертең жоспарланған рейс Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігін ескере отырып орындалатынын хабарлады.

Әуе компаниясы Тель-Авивке ұшу билеттерін сатуды келесі хабарламаға дейін тоқтатты. Бұрын билеттерді сатып алған және қазіргі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушылар үшін авиакомпания сатып алу орнында билеттерді толық қайтаруды ұсынады. Әуе тасымалдаушысы жағдайдың мұқият бақылап отыр, - деді Air Astana.