Бразилиялық шабуылшы Неймардың отбасында қуанышты жағдай. Футболшының екінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Футбол жұлдызы бұл жолы қызды болды. Қуанышты жаңалықты Неймар өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Мэви біздің өмірімізді толықтырып, жарық ету үшін келді. Қош келдің, қызым. Біз сені қатты жақсы көреміз. Бізді таңдағаның үшін рахмет", - деген жантебірентерлік жазба қалдырды спортшы.
"Аль-Хиляль" шабуылшысы сүйіктісі мен қызымен бірге түскен суреттерді де бөлісті.
Айта кетейік, Неймардың бірінші некесінен Дэви Лукка есімді ұлы бар.
Еске сала кетейік, Неймар "Аль-Хиляль" құрамына осы жазда қосылған болатын. Бразилиялық жұлдыз саударабиялық клубпен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды. Неймар "Аль-Хиляль" үшін бес матч өткізіп, бір гол мен екі нәтижелі паспен ерекшеленді.